УЕФА 2028 жылғы Еуропа Суперкубогы өтетін орын ретінде Астананы таңдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша бұл матчта Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының жеңімпаздары өзара бақ сынайды. Кездесу тамыздың ортасында өткізіледі.
«Қазақстанда мұндай деңгейдегі матч өтуі — отандық спорт үшін тарихи оқиға. «Астана Арена» стадионының инфрақұрылымын қайта жаңарту, жоспарлы жаңғырту жұмыстары УЕФА-ның қатаң талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан мұндай деңгейдегі ойынды алғаш рет қабылдағалы отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
