ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Нөсер жаңбырдан кейін Теміртауды су басты (видео)

Нөсер жаңбырдан кейін Теміртауды су басты (видео)

Теміртауда қатты жаңбырдан кейін қаланың кей көшесінде көлшіктер пайда болды. Куәгерлер нөсердің салдарын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары Теміртаудың әр ауданынан түсірілген видеоларды жариялады.

Кадрлардан су жиналған кей учаскеде көлік қозғалысы қиындағаны көрінеді. Қала тұрғындарының айтуынша, қолайсыз ауа райының салдары Теміртаудың бірнеше бөлігінде байқалады.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қала тұрғындары жағымды сәттерді де байқап, жазып жатыр.

"Бұл жағдайдың жақсы тұстары да бар: видеодан тұрғындардың бір-біріне көмектесіп жатқанын байқауға болады. Біреулер судан шығуға көмектессе, енді біреулері көліктерді сүйреп, қауіпсіз жерге шығарып жатыр", — деп атап өтті жарияланым авторларының бірі.

Теміртау әкімдігі қатты нөсерден кейін қаланың жекелеген учаскелеріндегі жағдай толығымен реттелгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта жолдардағы жағдай қалыпқа келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау| Новости, События, Обзоры (@temirtau.today)

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай