ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Қоғам

Роза Зергерли қазақстандық сарбаздарды еске алды

Роза Зергерли қазақстандық сарбаздарды еске алды

Әзербайжандық әнші Роза Зергерли Ресейдің Уфа қаласында өткен концертінде Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші концерт барысында көрермендермен бірге қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым еткен. Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқына көңіл айтып, ресейлік және башқұртстандық көрермендерге алғыс білдірді.

"Нағыз әзербайжандық ретінде менің концертімде өмірден өткен жас қазақстандық әскери қызметшілерді еске алғанымыз үшін Ресей және Башқұртстан халқына, сондай-ақ ортақ жадымыз бен құрметіміз үшін қазақ халқына алғыс айтамын. Бір минут үнсіздік – біз жүрегімізде мәңгі сақтайтын естелікке тағзым", – деп жазды Роза Зергерли.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болды. Ауа райы күрт бұзылып, әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен. Кейін қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова