ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

«5 жасар қызына қауіп төндірген»: Талдықорғанда жүргізуші жазаланды (видео)

«5 жасар қызына қауіп төндірген»: Талдықорғанда жүргізуші жазаланды (видео)

Талдықорғанда 5 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктің люгінен шығып тұрғаны үшін әкесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, полицияның жедел басқару орталығының камералары Changan X5 Plus автокөлігінің ашық люгінен бала шығып тұрғанын тіркеген. ІІМ кәмелетке толмаған баланың көлік салонынан тыс жерде болуы оның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенін атап өтті.

Белгілі болғандай, әкесі бес жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай бұзушылықтарға жол беруге болмайтынын түсіндірді.

Жүргізушіге балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу керектігі ескертілді", — деп қосты ІІМ өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай