Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай қыздарымен Түркияда демалып жүр. Өнер иесі Instagram парақшасында теңіз жағасында түскен суреттерін жариялап, оқырмандарына ой салатын жазбаларымен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Жарияланымдағы геобелгіге сүйенсек, Аша Матай Анталия өңіріндегі Белек курортында жүр. Ол жағажайдағы демалысынан бірнеше кадр ұсынған.
Өнер иесі жазбасында өмірдің әр сәтін бағалап, уақытты бос әңгіме мен өзгені сынауға жұмсамауға шақырды.
"Өмір – бір сәт. Сондықтан бос әңгімеге, біреуді сынауға, өзгенің өмірін талқылауға уақыт жоғалтпайық. "Адамның күні — адаммен". Бір-бірімізге жақсы сөз айтып, қолдау көрсетіп, сыйластықпен қарайық. Әр күнімізді бағалап, айналамызға жақсылық сыйлап жүрейік!" — деп жазды Аша Матай.
Тағы бір жарияланымында ол Шәкәрім Құдайбердіұлының "Біреудің мінін көргенше…" деп басталатын өлең жолдарын келтірген. Әнші өзгенің кемшілігін іздегенше, әр адамның өзін дамытуға, жан дүниесіне көңіл бөлуге ұмтылғаны дұрыс екенін айтты.
"Әр күнімізді жақсылыққа, әр сәтімізді қуанышқа толтырайық. Баршаңызға жан тыныштығын, көтеріңкі көңіл күй мен мол күш-қуат тілеймін!" — деп түйіндеді ол.
Аша Матай кім?
Аша Матай – қазақстандық әнші, актриса және тележүргізуші. Көпшілікке әндерімен, киноға түсуімен және телебағдарламаларды жүргізуімен танылған.
Ол "Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Арман Қоңыровтың жары. Ерлі-зайыпты екі қыз тәрбиелеп отыр. Аша әлеуметтік желіде шығармашылығы, отбасылық өмірі және күнделікті сәттерімен бөлісіп тұрады.
Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова



