ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Алматы мектебіндегі оқушылардың жаппай улануы: Закиева ауруханаға түскен оқушылар саны артқанын мәлімдеді

Алматы мектебіндегі оқушылардың жаппай улануы: Закиева ауруханаға түскен оқушылар саны артқанын мәлімдеді

Министерство просвещения РК и детский омбудсмен Динара Закиева сообщили новые подробности о школьниках, которые госпитализированы в Алматы после отравления, передает NUR.KZ.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматыда уланып, ауруханаға жатқызылған оқушылар туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта оқиға орнында мониторинг жасау тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде асханада санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталғаны көрсетілген.

"Шектеу шаралары енгізілді, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. РФММ Директорлар кеңесі мен Басқармасына тамақтануды ұйымдастыру мен санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру процесі тоқтамауы үшін оқу уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Қазіргі уақытта басымдық – оқушылар қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау және тексеру нәтижелері бойынша қажетті шараларды қабылдау", — делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева Instagram желісіндегі жеке парақшасында ауруханаға түскен балалар саны артқанын мәлімдеді.

"Алматыда уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайын біліп қайттым. Барлығы 43 ұл және 5 қыз. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді, олар РФММ интернатында тұрады, әр облыстан келген. Жағдайлары тұрақты, улану фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", — деп жазды Закиева.

Бұл оқиғаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған болатынбыз. Одан кейін мектепте тексерулер басталды.

Кейінірек Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 48 оқушы жатқызылғанын, тағы 6 бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауда екенін хабарлады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай