ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Navai есімді рэп орындаушысы Қазақстанға кірер кезде ұсталды (видео)

Navai есімді рэп орындаушысы Қазақстанға кірер кезде ұсталды (видео)

Жамбыл облысында шетелдік Navai есімімен танымал орындаушы есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, шетелдік орындаушы есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған.

"13 қазанда "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азаматты ұстады. Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай