Кейінгі алты жылда ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен екі есе, яғни, 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шамамен 2 миллион азаматтың әл-ауқатына оң әсер етті.
600 мыңға жуық педагогтың жалақысы екі есеге артты, үш жыл ішінде дәрігерлердің жалақысы жыл сайын 30%-ке, орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ке көтерілді, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы екі есеге ұлғайтылды. Сол секілді көпбалалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленетін жәрдемақы енгізілді, бала күтімі бойынша төлемдер бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы төлем енгізілді.