Мұздың қалыңдығы департамент белгілеген нормативтік деңгейге жеткеннен кейін аталған нысандар қайтадан пайдалануға беріледі.
Астанада ауа райының күрт жылынуы мен қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы азайған. Қазіргі уақытта өзен арнасындағы мұздың қалыңдығы 22 сантиметрді құрайды, ал кейбір учаскелерде (Орталық жағажай аумағында) 35–37 сантиметрге жетеді.
"Осыған байланысты жаңа жыл мерекелері кезеңінде тұрғындар қауіпсіздік мақсатында өзен үстіне шықпағаны жөн. Сондай-ақ Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды", – дейді әкімдік.