What are you looking for?

БҚО-да ауылға қауіп төнгендіктен бөгет жырылды

17.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында бөгет жырылды. Өйткені Махамбет ауылы тұсындағы Крутинка көлі қарғын сумен толып, елдімекенге қауіп төндірген. Жылда тұрғындар қар суын сайға жинап алады. Алайда қауіп күшейгендіктен, аудан әкімдігі бөгетті жыру туралы шешім шығарған. Қазір тасқын су Шаған өзеніне қарай ойысып жатыр. Су өткен соң, бөгет қайта қалпына келтіріледі. Аудан әкімінің айтуынша, тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Былтыр осы шағын көлі тасып, Махамбет ауылында 6 үйді су басқан еді.

Ардақ Мұратқызы

Social Link

Follow Me On Social Media