Әлеуметтік желі қолданушылары арасында танымал Нұрлан имам әйел адам ораза ұстау үшін кімнен рұқсат сұрайтынын айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Дін өкілі оқырманының «Күйеуім ораза ұстау үшін менен рұқсат сұрадың ба деп жатыр. Оның рұқсаты керек пе?» деген сұрағына жауап берді.
«Рұқсат бересің бе, деп сұрап қой. Ол мәз болып қалсын. Негізі рұқсаты керек емес. Бірақ қазір мен бірден қазір керек емес десем, сенікі керек емес, кімсің сен деп барып төбелесіп, быт-шыт болып қалма. Кейбір кезде шариғатта бар екен деп секіре беруге болмайды. Мысалы, адам намаз оқу үшін, ораза ұстау күйеуінің ризалығы шарт емес. Бірақ, шарт емес деген айтпа деген сөз емес. Мен өзім білем деген болмайды. Сіздікі дұрыс дей бер. Ал ол байғұсты бишара деп жерден алып жерге сала берсең екі ортада көзің көгеріп, быт-шыт боласың. Оразада таяқ жеп, ажырасам дейсің, сонымен аяғы белгілі», — дейді ол.