Флешмоб Ұлттық киім күніне арналды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астананың 3 мыңнан астам оқушысы бір мезгілде қазақ халқының «Қамажай» биін орындады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде «Қамажай» биін биледі
© Photo : Акимат Астаны
Ұлттық киім күніне арналған флешмоб «Наурызнама» онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде өтті.
«Қамажай» — қазақтың ең танымал халық билерінің бірі. Би арқылы бойдағы бар болмысты, мінезді, көңіл-күйді көрсетуге болады. Ал мұндай ауқымды шарада өнер көрсету мәдениетімізді ұлықтаудың әдемі көрінісі. Қыздар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, біз олардың жұмысын мақтан тұтамыз», – деді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Рахат Тәуіржан.
Флешмоб ерекше жарқын сәтпен аяқталды. Бишілерге көрермендер қосылып, әуен ырғағымен бірдей қимыл жасады. Олар іс-қимылдары арқылы әдемі қызғалдақ гүлін еске салды.

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде «Қамажай» биін биледі
© Photo : Акимат Астаны
Сондай-ақ, іс-шара аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, онда Астана қаласының колледж студенттері дәстүрлі қазақ киімдерін көрсетті.
Related items