Солтүстік Македонияның Кочани қаласында мыңдаған тұрғын шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.
Наразы жұрт өртке оранған тунгі клуб ғимаратының терезесін таспен сындырып, көліктерді аударып тастаған. Нысан иесінің тұрғын үйіне де шабуыл жасады. Олар биліктен жемқорлыққа қарсы шара қабылдап, әділдіктің орнауын талап етіп отыр. Кейінгі мәліметке сүйенсек, үкімет оқиғаға қатысы бар 20-ға жуық адамды тұтқындады. Олардың айтуынша, клуб тұрғындарға заңсыз қызмет ұсынған. Ғимарат ішінде қауіпсіздік құралдары да болмаған.
Еске салайық, 16 наурызға қараған түні Кочани қаласында түнгі клубта от тұтанып, 59 адам қаза тапты. Жүздеген адам зардап шекті. Ауыр жарақат алғандар көршілес Болгария, Грекия, Сербия және Түркиядағы емдеу орындарына шұғыл жөнелтілді.