What are you looking for?

Мың жыл қызмет ететін батарея

19.03.2025

Солтүстік-Батыс педагогика­лық университетінің зерттеу­ші­лері мен Қытайдың «Beita Pharmatech» компаниясы мың жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алатын атом батареясын жасап шығарды.

«Candle Dragon One» деп аталған бұл ерекше батареяның негізі көміртек – 14 изотопынан және кремний карбидінен тұрады. Ғалымдардың айтуынша, оның тиімділік көрсеткіші 8%-дан жоғары, ал энергия сақтау тығыздығы қазіргі литий-ионды батареялардан 10 есе жоғары. Бұдан бөлек, батарея −100°C-тан +200°C-қа дейінгі кез келген температурада тұрақты жұмыс істей алады.

Social Link

Follow Me On Social Media