What are you looking for?

Дәстүр төрге озды

19.03.2025

Наурызнама аясында ұлтымыздың қастерлі құндылық ­тары насихатталып келеді. Осылайша, дәстүр-салтымыз жаң­ғырып, елдік айшығымыз санамызға жаңаша таң­ба­ла­нып отыр.

Елордада «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі бас­қар­ма­сының қолдауымен елордалық жас отбасылар арасында дәстүрлі «Қазағымның дәстүрлері-ай» ұлттық-этно­гра­фиялық сайысы өтті.

Тәрбиелік мәні мол іс-ша­раның мақсаты – қазақ хал­қының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын заман талабына сай жаңғырту, жастар арасында насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас отбасылардың қоғамдық белсенділігін арттыру.

Іс-шарада Астана қаласы­ның Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп сайыстың маңызын атап өтті.

л

– Биыл Мемлекет басшы­сының қолдауымен наурызнама онкүндігі қарсаңында түрлі шаралар жүзеге асырылып отыр. Бұрын наурызды екі-үш күн тойлайтын болсақ, бүгінде он күн тойлап жүрміз. Қазақтың дүниетанымын аша­­тын мағыналы мерекелер орын алып, еліміздің дәс­түр-айшығын, ұлттық киі­мін, қоршаған ортаға жана­шырлығын көрсетіп, игі бас­та­малар қолға алынып отыр. Астана көлемінде 200-ге жуық іс-шара аталып өтіліп жа­тыр. Бүгінгі «Қазақтың дәстүрлері-айы» – жан-жақты насихатталып, бұған дейін танылған іс-шара. Сайысқа көп­теген өтінім қабылданып, ара­сынан 8 отбасы іріктеліп алынды. Барша қатысушыға сәттілік тілейміз, қазақтың дәс­түрі жаңғыра берсін, – деді Сәкен Зиябекұлы.

Байқау қорытындысы бо­­­йын­­ша бас жүлде – Сәдуақа­с әулетіне бұйырса, І орын – Ұлықпанұлы отбасы, ІІ орын – Ахет әулеті, ІІІ орын­ды – Зияханұлы отбасы ие­­­ленді. «Өнерлі отбасы» ата­­лымын Нұғман әулеті, «Дәстүрге берік отбасы» болып – Сұлтан әулеті танылды, «Өнегелі отбасын» – Шаяхмет әулеті, «Көрер­­­мен көзайымын» Габ­душ әулеті қанжы­ғалады.

Social Link

Follow Me On Social Media