What are you looking for?

«Астана» велоспортшысы Италияда күміс жүлде жеңіп алды

06.03.2025

Италияда велоспорттан «Трофео Лайгуэлья» жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen .kz.

Бір күндік бәсекеде Қазақстанның «XDS Astana Team» велокомандасының италиялық легионері Кристиан Скарони мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медаль олжалады. Ол елордалық клубтың намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді.

Sport12.kz мәліметінше аталған вело жарыста «UAE Team Emirates-XRG» командасының испаниялық спортшысы Хуан Аюсо топ жарған. Ал үздік үштікті «Tudor Pro Cycling Team» ұжымының мүшесі аустралиялық Майкл Сторер түйіндеген.

Social Link

Follow Me On Social Media