Ерлан Ақкенженов еліміздің энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Энергетика министрі лауазымына Ерлан Ақкенженовты тағайындауға келісім берген еді.
Ерлан Ақкенженов осыған дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Ол бұл лауазымға 2023 жылғы 21 маусымда тағайындалған болатын.