What are you looking for?

"Күй күмбірі": Астанада бір миллион оқушы күй тартады

19.03.2025

20 наурыз күні "Күй күмбірі" акциясы аясында 1 млн оқушы мен педагог күй тартады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында "Наурызнама" тұжырымдамасына сәйкес түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі — дәстүрге айналып үлгерген "Күй күмбірі" акциясы. 20 наурыз күні сағат 11:00-де барлық мектепте бір уақытта күй ойналады. Оған 1 млн-ға дейін оқушы мен педагог қатысады деп күтілуде", — деді департамент басшысы.

Сонымен қатар ол "Балалар кітапханасы" білім алушылардың оқу сауаттылығы мен оқырмандық мәдениетін өркендетіп, рухани кемелдікке бастайтынын атап өтті. Оның аясында жас оқырмандарға ұсынылатын 2580 кітап іріктеліп, тізімі бекітілді.

"Қазіргі уақытта осы тізімге сай кітапхана қоры толықтырылуда. Бағдарлама аясында мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту көзделіп отыр. Былтырдан бастап балалар кітапханасы порталы іске қосылды. 2025 жылы ақпан айында аталған жоба аясында "Шын жүректен кітап сыйла" челленджіне 700 мыңнан аса білім алушы қатысып, бір-біріне кітап сыйлады. Бұл бастама оқырмандық мәдениетті дамытуға, білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға оң ықпал етеді", — деді Ерлан Қалмақов.

Social Link

Follow Me On Social Media