What are you looking for?

Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

19.03.2025

Астана әуежайы жолаушыларға Қазақстанда eGov порталы мен бірқатар электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болатыны туралы ескертті , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 наурыздан 21 наурызға қараған түні (23:00-ден 08:00-ге дейін) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізеді.

Осы кезеңде eGov порталы, eGovmobile мобильді қосымшасы және басқа да электрондық сервистер, соның ішінде "Цифрлық құжаттар" сервисі уақытша қолжетімсіз болады, — делінген ресми хабарламада.

Егер сіздің рейсіңіз осы уақыт аралығында жоспарланған болса, рейске тіркелу және тексеруден өту кезінде ықтимал қолайсыздықтарды болдырмау үшін құжаттардың түпнұсқаларын (жеке куәлік, паспорт және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.

Social Link

Follow Me On Social Media