What are you looking for?

“Медеу“ мұз айдынында қашанға дейін сырғанауға болады?

20.03.2025

Наурыз мейрамына орай " Медеу " мұз айдынындағы сырғанау маусымы 25 наурызға дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл "Медеу" мұз айдыны маусымды әдеттегідей емес кешірек, яғни 25 наурызда аяқтайды.

"Бұл шешім Наурыз мейрамына орай және алматылықтардың мұзда сырғанауға деген ерекше махаббатын ескере отырып қабылданды", — деп жазылған хабарламада.

Әдетте маусым 15 наурызда аяқталады. Биыл мереке күндері және жоғары сұраныстың арқасында мұз айдыны тағы он күнге ұзағырақ жұмыс істейді.

Күн жылынуына байланысты тек кешкі уақытта сырғанауға болады.

Жұмыс кестесі:

  • Жұмыс күндері 17:00-ден 20:00-ге дейін;
  • Демалыс және мереке күндері 17:00-ден 20:00-ге дейін және 21:00-ден 24:00-ге дейін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media