What are you looking for?

Алматы тұрғыны Досаевқа жағымсыз иіс туралы айтып шағымданды

20.03.2025

Алматының Наурызбай ауданы тұрғыны қала әкіміне қоқыс таситын көліктерден кейін пайда болатын жағымсыз иіске шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғындар маусым бойы бұл иіске төзуге мәжбүр.

"Сәуірден қазанға дейін көпқабатты үйлерге де, жеке секторға да аптасына бір рет келетін қоқыс таситын көліктерден сасық сұйықтық ағады. Қарбыз сатылатын кезеңде жағдай тіпті нашарлайды, иісі сұмдық. Көпқабатты үйлердің аулаларында мұны ешкім тазаламайды, иіс қалып қояды. Жағдайды тамақтану орындары одан әрі қиындатады, олар қоқысқа бәрін араластырып тастайды. Біздің халық қоқысты сұрыптауға дайын. Бізде қашан қоқысты өркениетті сұрыптау мен шығару жүйесі пайда болады?" — деп сұрады тұрғын әкіммен кездесуде.

Ерболат Досаев тұрғынның пікірімен келіспейтінін айтты.

"Сізбен тағы да келіспеймін. "Аптасына бір рет" дейсіз, мен мұны басқа жерден көрген жоқпын... Кемшіліктер бар, бірақ қоқыс тасымалдаушы компаниялармен бірге техниканы жаңарту жоспарын жасадық (...). Жаңа компанияларға (қоқыс шығару бойынша — еск.) қандай техника болуы керек екені жөнінде талап қойдық", — деп жауап берді әкім.

Ерболат Досаев мәселені шешуге уәде берді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі 2025 жылы қоқыс таситын 70 жаңа көлік алынатынын хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media