0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Талдықорған әуе базасының ұшақтары Астанада өтетін жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады.
Қазір 21-де 751 әскери бөлімінде ұшқыштар СУ 30 СМ жойғыш ұшақтарымен дайындықтарын пысықтауда. Көк аспан тыныштығын күзеткен әскерилер қаз-қатар тізіліп Елорда төрімен ұшып өтеді. Сондай-ақ арнайы жаттығулар орындап көріністер ұйымдастырады. Мұнан бөлек шеруге әуе базасының техниктері, офицерлері мен келісімшартпен қызмет етіп жатқан жауынгерлері қатысып, сап түзеп жүріп өтеді.
Арман Жақсыбаев, 21/751 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Біздің ұшқыштар және ұшақтар әскери әуе парадты өткізуге дайын. Аптасына үш рет топтық дайындықты өткізуде. Әскери парадты біздің ұшқыштар және авиациялық ұшақ техниктері өткізуге дайын.
Қуаныш Қанатұлы