Петропавл қаласында жастар бастамалары бөлімі қоғамдық даму және ақпарат орталығының қолдауымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Ережемен финиш » атты қалалық квест ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шараның мақсаты – жастарды құқық тәртібі мен заңдылықтың маңыздылығын түсінуге шақыру және мемлекеттік органдардың қоғам үшін атқаратын маңызды рөлін көрсету.
Бұл квестке қатысушылар нақты өмірде кездесетін түрлі құқық бұзушылықтар мен әлеуметтік мәселелер (мысалы, есірткіге тәуелділік, ойынқұмарлық, жемқорлық) таныса алды.
Квестке 5 студенттік команда қатысып, әр команда құрамында құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің өкілдері болды. Олар бірлесе отырып тапсырмаларды шешіп, әр кезеңнен өтуге тырысты.
Тапсырмалар әртүрлі құқық бұзушылық түрлерімен байланысты, ал қатысушылар дұрыс жауаптарды таңдап, келесі станцияға өтуі керек болды. Мысалы, бір станцияда есірткімен күресу, ал екінші станцияда түрлі салалардағы жемқорлықты анықтау бойынша тапсырмалар шешілді.
Сарапшы ретінде бір станцияға жедел медициналық көмек фельдшері шақырылды. Әр команда тапсырмаларды орындау үшін арнайы карта алды, оған мынандай тақырыптар енгізілді:
Қоғамдық орындардағы тәртіптің құқықтық аспектілері.
Бірінші медициналық көмек көрсету.
Төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету (қатқақ жолдар).
Адам құқықтары мен қауіпсіздік негіздерін білу.
Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда түнде болуына қатысты білімдер.