What are you looking for?

Трамп Пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

20.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ал Дональд Трамп Владимир Путинмен сөйлескеннен кейін Украина басшысы Владимир Зеленскиймен де келіссөз жүргізді. Трамп та, Зеленский де әңгіменің «өте жақсы» аяқталғанын мәлімдеп отыр. Ақ үй таратқан мәтінге қарағанда, келіссөздер барысында Трамп Украинаның атом электр станцияларын Құрама Штаттардың басқаруына беруді ұсынған. Сонымен қатар Трамп Украина үшін қосымша «Пэтриот» зымыран кешенін қарастыруға келісті. Бұған қоса тараптар Ресейдің Курск облысындағы украин жауынгерлерінің тағдыры мен энергетикалық нысандарды атуды тоқтату мәселелерін қозғады. Киев пен Вашингтон өкілдері Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін алдағы күндері Сауд Арабиясында тағы да талқылайды. Сонымен қатар таяуда әр-Риядта АҚШ-Ресей келіссөздері де өтуі керек.

Арыстан Рысбек

Social Link

Follow Me On Social Media