What are you looking for?

Шымкентте сакура гүлдеді (видео)

21.03.2025

Шымкентте сакура ағаштары гүлдеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Шымкенттің көшелеріне көрік берген сакура ағаштарын былтыр қараша айында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарған.

Жапон мәдениетінің символына айналған ағаштар "Журналистер" аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған.

"Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың сәнін келтіріп қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында", — дейді әкімдік өкілдері.

Social Link

Follow Me On Social Media