What are you looking for?

Әлем чемпионы атанған боксшы қыздарға 50 млн теңгеден беріледі

21.03.2025

olympic.kz

Ұлттық құрама Уельске жетті. Ертең футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі басталады. Әли Әлиев баптайтын Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін сырт алаңда Уельске қарсы өткізеді. Одан кейін, яғни 25 наурызда тағы да сырт алаңда Лихтенштейнмен кездеседі.

Ұлттық спорт күні аталып өтті

Жыл өткен сайын ұлттық спорттарымызға көңіл бөлініп, дамытуы мен дәріптеуі бір жолға түсіп келеді. Ал Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобасы алдағы уақытта саладағы проблемаларды жүйелі реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде спортқа жауапты министрлік өкілдері мәлімдеді. Күні кеше Астанада Ұлттық спорт күніне арналған ауқымды шара өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен былтыр Наурызды мерекелеудің арнайы күнтізбесі жасалған болатын. Оған сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде бекітілді. Сәйкесінше дәл осы күні ұлттық спорттарымыз бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұған қоса дәл осы дата аясында саладағы көкейкесті мәселелер де көтеріліп, оларды шешудің тетіктері талқыланады. Тіпті былтыр осы мақсатта арнайы мониторингтік топ құрылып, барлық өңірді аралап шыққан болатын. «Енді соның қорытындысы бойынша кешенді шаралар қолға алынып жатыр», – дейді мамандар.

Чемпиондарға 50 миллион теңгеден беріледі

50 миллион теңге. Әлем чемпионатында топ жарқан қазақ қыздарына Қазақстан бокс федерациясы осындай көлемде сыйақы береді. Айта кетейік, биылғы дүниежүзілік додада Сербияның Ниш қаласында өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша 6 бірдей спортшымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Оның 3-еуі алтын, 2-еуі күміс және 1-еуі қола жеңіп алды. Осының арқасында Қазақстан құрамасы алғаш рет жалпыкомандалық есептің екінші сатысына көтерілді. Ал Назым Қызайбай отандық спорт тарихында бірінші рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ұйымдастырушы тарап, яғни Халықаралық бокс федерациясы жүлдегерлерге, яғни алтын жүлдегерге 100 мың, күміс жүлдегерге 50 мың, ал қола жүлдегерге 25 мың АҚШ долларынан табыстаған болатын. Енді Қазақстан бокс федерациясы да дәл осындай көлемде сыйақы тағайындап отыр. Яғни алтын жүлдеге 100 мың, күміспен қолаға, сәйкесінше 50 және 25 мың доллардан береді. Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлердің де еңбегі ескеріліп, оларға арнайы сыйақы қарастырылған, делінген Қазақстан бокс федерациясы таратқан хабарламада.

Отандық боксқа қолдау күшейіп келеді

Жалпы алғанда отандық бокшыларға қолдау өте жақсы. Жоғарыдағы сыйақылардан бөлек, заң бойынша мемлекет тарапынан әлем чемпионы атанған әр боксшыға тағы 15 мың АҚШ долларынан табысталады. Сонымен қатар оларға әр өңірдің арнайы бекітілген ай сайынғы төлемі бар.

Тағы бір айта кетерлігі, министрлік тарапынан да ұлттық құрама өкілдеріне ай сайын жалақы беріледі. Ал еңбек өтілі 20 жылға толған соң өмір бойы 100 АЕК көлемінде үстемақы алады. Қысқасы, басқа елдермен салыстырғанда бізде ең жоғары сыйақы беріледі деуге болады. Бұдан бөлек, елімізде спорттық мектеп-интернаттар бар. Ол жердегі әр балаға жыл сайын 4,2 млн теңге бөлінеді. Ал ұлттық құрамадағы ересек боксшылар шығынына мемлекет тарапынан 1,5 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде жаттығу мен жарыстар шығыны, киім-кешегі, жол ақысы, жатын орыны, және дәрі-дәрмегі мен мемлекеттік қызмет ақысы кіреді.

Халықаралық турниде топ жарды

Кошкин кезекті рет топ жарып, тарихи нәтиже тіркеді. Қазақстандық конькимен жүгіру шебері Евгений Кошкин Нидерландыда өткен халықаралық турнирге қатысқан болатын. Zilveren Bal деп аталатын байрақты бәсеке жыл сайын әлемдегі ең үздік спринтерлердің басы қосады. Міне, осы жарыстың 100 метрлік қашықтығында қазақстандық спортшы алдында жан салмады. Тіпті финалда польшалық Марек Кания, америкалық Джордан Штольц сияқты спортшыларды басып озды. Осының арқасында алғаш рет Zilveren Bal турнирінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Кошкин бірер апта бұрын дәл осы Нидерландыдағы және Польшадағы әлем кубктарында жеңімпаз атанды. Алдағы жылы Италияның Милан қаласында қысқы Олимпиада өтеті және отандық мамандар дәл осы Кошкиннен үлкен үміт күтіп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media