What are you looking for?

ЮНЕСКО бас директоры қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2025

ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол кезінде біздің елге жасаған ресми сапары ерекше есінде қалғанын айтады.

Одри Азуле, ЮНЕСКО бас директоры:

- Париждегі ЮНЕСКО кеңсесіндегі осы тамаша мерекеде тұрып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл бірнеше елді музыкасы және ұлттық тағамдарымен біріктіріп отырған және бәріміз үшін ортақ керемет мереке. Бәріңізге бақыт тілеймін!

ЮНЕСКО штаб-пәтері Наурызды халықаралық деңгейде атап өтті. Дипломаттар мен қонақтарды 13 мемлекеттің елшілігі қарсы алды. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Моңғолия бар.

Садық Шер-Нияз, Қырғызстанның Франциядағы елшісі:

- Барлықтарыңызды кіріп келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен, шын ықыластан құттықтаймыз. Екі ел әрдайым бірге болуы керек. Егіз елдің байрамы, мықты байрамы құтты болсын!

Рашель Анник Огула-Акико, Габонның ЮНЕСКО-дағы елшісі:

- Осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Бұл мейрам ЮНЕСКО қорғайтын мәдени әралуандық сияқты құндылықтарды насихаттайды.

Мегмар Сурен, Моңғолия әншісі:

- Наурыз құтты болсын! Баршаңызға толағай табыс, мол бақыт және бейбітшілік тілеймін!

Біріккен Ұлттар Ұйымы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялаған. Биыл содан бері 15-ші рет аталып өтіп жатыр. Наурыз мейрамы 2009 жылдан бері адамзаттың материалдық емес мұра тізіміне енгізілген.

Social Link

Follow Me On Social Media