Суданда ұлттық армия Хартумдағы президент сарайын басып алды.
Сондай-ақ министрліктер ғимаратына бақылау орнатқан. Ал оппозициялық Арнайы жасақ күштері ғимаратты тастап шегінген. Десе де, соңғылары бас шаһардың көп бөлігіне әлі билік жүргізіп отырғанын айтады. Суданда 2021 жылы елді 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир биліктен құлатылып, әскерилер келген еді. Бірақ көп ұзамай Ұлттық әскердің басшысы генерал Абдель Фаттах әл-Бурхан мен Арнайы жасақ күштерінің жетекшісі генерал Мұхамед Хамдан Дагало арасында таққа талас туып, соңы азаматтық соғысқа ұласты. Салдарынан 2 млн халық босып кетті.