0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Бүгін — түбі бір түркі елдерінің тарихта тоғысатын төл мейрамы — әз-Наурыз күні. Табиғатпен астасып өмір сүрген қазақ қадым заманнан Ұлыстың ұлы күнін жыл басына балаған. Өйткені табиғат ана құлпырып, Жер-ана бусанып, дала түлеп, түрлене түсетін кез.
Көшпенді өмірдің үрдісі үзілгенімен, бұл мейрамның салтанаты кеміп, мән-маңызы жоғалып қалған жоқ. Керісінше, Наурыз — түпкі өзегін сақтай отыра, өркениетпен бірге өрнектеліп, өрісі кеңіп жатыр.
Наурыз — қазақтың ұлттың болмысын, далалық даралығын сақтап, бойдағы рухты одан әрі қуаттап отырған ұлық мейрам. Бүгін мерекеге орай Астанада думан болып жатыр.
Самал Қабышева