What are you looking for?

Алматыда 5 мыңнан аса адам Абай әндерін хормен шырқады

22.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ұлыстың ұлы күнінде Алатаудың етегі Абай әуеніне тербелді. Хәкімнің 180 жылдығына орай 5 мыңнан аса адам Республика сарайының алдында ақынның таңдамалы туындыларын шырқады.

Ернұр Медет, тілші:

Бұл хор бұрынғыдан өзгерек. Мыңдаған адамның дауысы үйлесім тауып, алып шаһарды жырға бөледі. Қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, жұртшылықты тәнті етті. Бұл ерекше іс-шара еліміздің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Базарбек Атығай, идея авторы:

Бүгінгі шара Абай жылына кіріспе шара іспетті. Бұл — үлкен жоба. Жаңа жылды, жаңа күнді елімізде Абай жылының басталғанының белгісі деп қабылдауға болады.

«NauryzFest» фестивалі ұйымдастырылды

Сонымен қатар «NauryzFest» фестивалі ұйымдастырылған. Мәселен, «Рухани мұра» киіз үйінде Біржан, Жамбыл және Дина ойнаған музыкалық аспаптардың көшірмесі қойылған. Ал «Алматыға саяхат» киіз үйінде қонақтар қаланың көрікті жерлерін виртуалды форматта тамашалай алады.

Ернұр Медет, тілші:

Алматылықтар жылан жылын осылай қарсы алды. Нағыз думан, нағыз мерекенің лебі сезіледі. Шынында, әз-Наурыз ас ішіп, аяқ босатудың мейрамы емес. Жаңару, жаңғыру тойы. Сондықтан да Көрісу күнінен бері дәстүріміз дәріптеліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып жатыр.

Ернұр Медет

Social Link

Follow Me On Social Media