Ақтөбеде екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады.
"Олардың өліміне күдікті ретінде анасы – Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында.