What are you looking for?

Алматыда «Almaty Clean & Green» ауқымды тазалық және көгалдандыру акциясы өтті

23.03.2025

Алматыда «Таза Қазақстан » республикалық бағдарламасы

мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Almaty Clean & Green» атты ауқымды тазалық және көгалдандыру акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

«Almaty Clean & Green» акциясы қала тұрғындарын біріктіріп, олар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді және өзен жағалауларын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар сенбілік барысында ағаштар мен бұталар отырғызылды. Акцияға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер және қала тұрғындары қатысты.

Тазару күнінде өткен экологиялық акцияға 50 мыңнан астам тұрғын, 1200-ге жуық коммуналдық қызметкерлер қатысып, 350-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ауқымды тазалық жұмыстары барысында саябақтар, гүлзарлар, аулалар және демалыс орындары тазартылып, 8 мың текше метрден астам қоқыс жиналып, қала әкімдігі тарапынан арнайы полигонға шығарылды.

«Almaty Clean & Green» акциясының маңызды нәтижесі деп алма, алмұрт, шегіршін, қараған, үйеңкі және шаған сынды 10 мыңнан астам ағаш отырғызуды айтуға болады. Акция өткен орындарда мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Экоакцияға қатысқан қала тұрғындары мен эстрада жұлдыздары ойын бөлісіп, алматылықтарды туған қаласына қамқорлық көрсетуге шақырды.

Алматы қаласының әкімдігі

Social Link

Follow Me On Social Media