What are you looking for?

"Бұрқасын, көктайғақ, тұман": синоптиктер бірнеше өңірлерде күн райы бұзылатынын хабарлады

06.03.2025

"Қазгидромет" РМК еліміздің 17 облысы мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

7 наурызда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Күндіз және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел еседі. Жезқазған қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстіктен-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.№

Қарағанды облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстік жартысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с барады.

Түнде Жетісу облысының солтүстік бөлігінде жауын-шашын күтіледі, күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарындарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетуі мүмкін. Талдықорған қаласында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7 наурызда Ақтөбе облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында да жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 17-22 м/с баруы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман басады.

Астана қаласында 7 наурызда кей уақыта қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында түнде кей уақытта қар, жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Петропавл қаласында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с баруы ықтимал.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с барады. Көкшетау қаласында күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскемен қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с баруы ықтимал.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Семей қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с баруы мүмкін.

Түркістан облысында жауын-шашын, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында жауын-шашын, күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Түркістан қаласында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с баруы мүмкін.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Тараз қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

7 наурызда күндіз Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кешке, 8-9 наурызда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с жетеді. Алматы қаласында кешке, 8-9 наурызда тәулік бойы кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Қонаев қаласында кешке, 8-9 наурызда тәулік бойы кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с баруы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media