What are you looking for?

Бірнеше штатта Наурыз мейрамы тойланып жатыр

25.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Наурыз мейрамы АҚШ-та да кең ауқымда тойланып жатыр. Харвард, MIT сияқты адуынды білім ордалары бар Массачусетс штатында және Атлант мұхиты жағасындағы Бостон қаласының қақ төрінде қазақстандықтар ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Америкада әлі де думаны жалғасып жатқан төл мейрам жайлы Жалғас Сәдібекұлы баяндайды.

Қазақтың әні, ұлттық киімі, мол дастарқан және қолөнер туындылары топтастырылған — көрме. АҚШ-та жүрген жерлестердің Наурыз мейрамына тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Өнерлі студенттер қала тұрғындарына қазақтың мәдениетін паш етуде.

Нұртас Шерияздан, Массачусетс университетінің магистранты:

Негізі музыка мектебіне келген кезде ең басында ұстазым айтып еді: ертең осы домбыра сені көп жерге апарады деп. Мен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтадым Алматыдағы. Университет қабырғасында оқып жүргенде бір топ студент болып Үндістанға, Әзербайжанға бардық. Сол кезде қазағымыздың домбырасын шетелдіктерге танытып ойнадық.

Қазақтар ғана емес, түбі бір түркі елдерінің өкілдері де Наурызды бірге, ынтымақпен атап өтіп жатыр. Ұлыстың ұлы күні — жылдың ғана емес, береке мен мерекенің бастауы.

Жанат Жапаров, Turkicstan ұйымының жетекшісі:

Біз наурыз дегенге өзіміздің ішімізде ғана тойлап қана қоймаймыз. Мына жерде біз өзіміздің мәдениетімізді басқаларға көрсетіп жатырмыз. Болмаса біз түсіндіріп жатырмыз, өзіміздің бар екенімізді. Қашан біз өзіміздің бар екенімізді көрсете аламыз, біздің өзіміздің сөзіміз, тіліміз белгілі бір заттарда өте бастайды жайлап жайлап.

Бауырлас елдердің өкілдері бір-бірлерін ортақ мейраммен құттықтап, ұлттық тағамдарынан дәм таттырып, думанның көркін қыздыра түсті. Ұлыс тойы Бостонда ғана емес, Калифорния, Пенсильвания, Солтүстік Каролина, Нью-Йорк, Техас және Флорида штаттарында да аталып өтіліп жатыр. Теріскейдегі штаттардағы қазақтар да күн жыли түскенде салтантты сабақтайды.

Жалғас Сәдібекұлы

Social Link

Follow Me On Social Media