Қазақстанның бокс федерациясы Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімін жариялады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жиынға баратын команда құрамына Таиландта өткен 2024 жылғы Азия чемпионатынан бері өнер көрсетпеген Сәкен Бибосынов та кіріп отыр. Бұл туранирде Сәкен 1/4 финалға дейін жетіп, жарақат алып қалды. Кейін боксшыға операция жасатуға тура келген еді.
Ресейде өтетін жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімі:
- 48 келі. Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов;
- 51 келі. Бекзат Алдамжаров, Даниял Сәбит;
- 54 келі. Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов;
- 57 келі. Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев;
- 60 келі. Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен;
- 63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдыралиев;
- 67 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
- 71 келі. Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тохтасынов;
- 75 келі. Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов;
- 80 келі. Ерасыл Жәкпеков, Нұрбек Оралбай;
- 86 келі. Бекзат Нұрдәулетов, Темірлан Мұқатаев;
- 92 келі. Сағындық Тоғамбай, Нурмагамед Юсупов;
- +92 келі. Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай.
Біріккен оқу жаттығу жиындары Ресей, Өзбекстан Беларусь құрамаларының бірінші және екінші нөмірлі боксшыларымен бірге өтеді.