What are you looking for?

"Амандасуға келген": Ақтөбеде полиция қызметкері абайсызда оқ атып, танысын жаралады

26.03.2025

Ақтөбеде полиция қызметкері танысын табельдік қарумен абайсызда жаралап алғаны туралы желіде ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған жайт туралы ақпарат Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды.

"Кей ақпарат көздері 2025 жылдың 25 наурызында сағат 00:30-да Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының полиция кіші сержанты амандасуға келген досына ВАЗ-2115 автокөлігінің ішінде күтпеген жерден табельдік қаруынан оқ атқан", — дейді жазба авторлары.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкері қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Салдарынан табельдік қарудан абайсызда бір рет атып, танысын жаралап алды.

"Қылмыстық кодекстің "Салғырттық" бабы бойынша іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қызметкері қызметінен шеттетілді. Тергеу полиция департаменті бастығының бақылауында", — дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Жараланған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді.

Social Link

Follow Me On Social Media