What are you looking for?

Кейінгі 6 жылда Қазақстанда бес жүзден аса әйел босану кезінде көз жұмған

26.03.2025

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанда ана мен бала өлімі жиілегенін мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат ресми деректі келтірді:

  • 2019 жылы Қазақстанда 3360 сәби;
  • 2020 жылы 3286 сәби;
  • 2021 жылы 3732 сәби шетінеген.
  • 2022 жылы 3154 нәресте;
  • 2023 жылы 2998 сәби;
  • 2024 жылы 2598 сәби шетінеп кеткен.

"Ресми органдар сәби өлімі азайғанын алға тартады. Бірақ кейінгі жылдың өзінде 2 жарым мың бөпеден айырылып қалу көңіл көншітетін көрсеткіш емес. Сорақысы сол: ресми дерекке сүйенсек, 5 облыста сәби өлімі көбейген, олар: Абай, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстары", — депутат.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, кейінгі 6 жылда Қазақстанда 563 әйел босану кезінде көз жұмған.

"Сорақысы сол — еліміздің 10 облысында ана өлімі көбейген. Ана өлімі ең көп облыстар: Жетісу, Қостанай, Ұлытау және Ақтөбе облыстары. Мұның бәрі ресми мәлімет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша көз жұмған аналардың 54%-ы қалада, 46%-ы ауылда тұратыны белгілі болды. Бір қорқынышты тенденция бар, 4 немесе одан да көп баласы бар әйелдер арасында өлім-жітім көбейген, салдарынан 97 бала тірі жетім болып қалды", — деді депутат.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media