What are you looking for?

Қостанайлық жастар жұмысшы мамандығына бет бұра бастады

26.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қостанай өңірінде жастар жұмысшы мамандығына бет бұра бастаған. Соңғы жылдары техник-механик, тігінші, аспаз болғысы келетіндер көбейді. Мысалы Сарыкөл ауданындағы колледжде биылғы оқу жылында техник-механик мамандығына түсу үшін 1 орынға 3 талапкер бақ сынапты.

Тұрар Нұржан Сарыкөл колледжінің бірінші курс студенті. Аспаз мамандығын оқып жүр. Болашақта ас пісіруді шебер меңгеріп, өз кәсібін ашуды армандайды. Мұнда осы мамандық бойынша 60 студент білім алуда.

Тұрар Нұржан, колледж студенті:

Жастайымнан өзім аспаз негізгі өнеріне, яғни осы асханаға өзім жақын, дәмді тағамдар пісіруге өте қызығатын едім. Және менің анам дәмді пісіреді, ол аспаз. Содан қызығып келдім.

Алпыс жылдық тарихы бар Сарыкөл ауылындағы бұл кәсіптік колледж сегіз бағыт бойынша білім береді. Соның ішінде жастардың техник-механик мамандығына қызығушылығы жоғары. Бұған себеп — оқудан соң тұрақты жұмыс табу оңай.

Руслан Тәжібаев, колледж студенті:

Техник-механикті таңдаған себебім қашан да сұраныс бар. Осы ауданның өзінде мамандарға зәру серіктестік, шаруа қожалықтары аз емес. Солар бізді ынталандырып, өздеріне тартуға тырысады.

Колледжде студенттерді тек теория жүзінде оқытып қоймай, тәжірибе жүзінде машықтандыруға баса мән беріледі. Бүгінде оқу орнында 600-ге жуық студент білім алып жүр. Сарыкөл өңірінен тыс Алтынсарин, Ұзынкөл аудандарынан, тіпті Көкшетау, Астана қаласынан келіп, оқып жатқандар бар.

Ирина Науменко, колледж директоры:

Бізде студенттердің 40 проценті колледж базасында білім алады. Қалғаны дуалды жүйемен оқиды. Түлектеріміздің 70-80 проценті өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмыспен қамтылады.

Облыста кәсіптік-техникалық білім беретін барлығы 33 оқу орны бар. Былтыр солардың арасынан Сарыкөл колледжі үздік атанды.

Мәдина Нағашыбай

Social Link

Follow Me On Social Media