Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдап, Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен өзара түсіністікке негізделген екі жақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Related items