Алматыда Медеу ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, құтқарушылар Алматыда Медеу ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру үшін барын салып жатыр.
"Өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді", — делінген министрлік хабарламасында.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.