What are you looking for?

Өзбекстанда салынатын АЭС құны екі миллиард доллардан аспайды

28.03.2025

24.kz

Өзбекстанда салынатын АЭС-тің құны 2 млрд доллардан аспайды.

Бұл туралы «Uzatom» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев мәлім етті. Оның айтуынша, агенттік қазіргі уақытта артық шығындарды азайтуға тырысып жатыр. Бүгінге дейін жоба аясында 300 млн доллар үнемделген. Құрылысқа Ресей тарапынан ақша тартпай, оның орнына жеңілдікпен ұсынылатын қытайлық несиелер есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр. Осылайша агенттік бюджет ақшасын үнемдемек.

Цитата

Азим Ахмедхаджаев, «Uzatom» агенттігінің директоры:

- Станцияның құны 2 млрд доллардан аз болады. Бұл біз жобалап отырған меже. Мен нақты әрі түпкілікті қанша қаражат жұмсалатынын әзірге айта алмаймын. Өйткені бұл бағытта әлі де жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Еске салайық, Өзбекстанда ресейлік технология бойынша өңірдегі алғашқы аз қуатты атом электр станциясы салынады. 55 МВт болатын 6 реактор Жизақ облысындағы Тузкан көлінде бой көтереді. АЭС-тың алғашқы реакторы 2029 жылдың соңында іске қосылып, 2033 жылдан бастап толық қуатта жұмыс істейді деп жоспарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media