What are you looking for?

Таиланд пен Мьянмада алапат жер сілкінісі болды

28.03.2025

Мьянманың орталық аймағында алапат жер сілкнісі болды.

Оның қуаты 7,7 баллға жеткен. Бірінші думпуден кейін 12 минут өткен соң зілзала 6,4 балдық күшпен қайталанған. Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық Таиландқа дейін жеткен. Зілзаладан Бангкокта зәулім ғимарат жермен жексен болды. Құрылысы бітпеген ғимарат қабырғалары көшедегі жүргіншілердің үстіне құлаған. Жүздеген адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге қашуға мәжбүр болды. Зардап шеккендер мен опат болғандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media