What are you looking for?

Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.03.2025

Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Social Link

Follow Me On Social Media