What are you looking for?

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді

30.03.2025

Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жетіп Денис Теннің жетістігін қайталаған еді.

Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Михаил Шайдоров сенімді өнер көрсетіп, қысқа және еркін бағдарламаларда жоғары деңгейде сырғанаумен көзге түсті. Оның жалпы ұпай саны 287. 47 болып, әлемнің үздік екі спортшысының қатарына қосылуға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Бұл Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Ал мәнерлеп сырғанаушының екінші ірі жеңісі.

Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Social Link

Follow Me On Social Media