What are you looking for?

Трамп Ресейге қарсы санкцияны күшейтетінін ескертті

31.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Егер Мәскеу мен Киев соғысты тоқтатуға келісе алмаса, АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтеді. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп ескертті. Оның сөзінше, бітімнің жасалмауына Мәскеу кінәлі екені расталса, Ресейден өзге елдерге экспортталатын мұнайға тариф 25 пайызға өседі.

Тағы бір сөзінде Трамп екеуара әңгімеде Путин Зеленскийге сенбеу және Украина билігін өзгерту мәселесін көтергенде, оған қатты ашуланғанын жасырмады.

Сонымен қатар, Трамп осы аптада Путин тағы да сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Social Link

Follow Me On Social Media