What are you looking for?

"Босана салып, жұмысқа шығып кетті": Атышулы Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова енді екінші күйеу баласын қыспаққа алды

31.03.2025

Танымал отандық дизайнер, көпшілікке Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның анасы ретінде танылған Жанна Ахметова екінші қызы мен күйеу баласы туралы бар шындықты айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жанна Ахметова өз шындығын желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мен жеке өмірімді көпшіліктің талқысына салғанды көп ұната бермеймін, алайда беделіме нұқсан келтіріп жатса, үндемеу отыру мүмкін емес. Сондықтан мен бұрынғы күйеу балама үндеу жасағым келеді.

Наиманы ақшамен жазалауды қойыңыздар, «ақша бердік, есеп бер» деп. Айвимен де қарым-қатынасыңызды ара қатынас емес, міндетіңіз деп айтсақ дұрыс шығар. Өте сүйкімсіз әрекет. Сіздер балаға тіпті жөргек те әпермедіңіздер. Ал, перзентханадан шығарып алып келе жатқанда, анаңыз: «Ұл керек, қыз болмайды» деп айтқан болатын. Абай болыңыздар», — деп бастады әңгімесін ол.

Жанна Ахметованың сөзінше ол бүгінге дейін қызының жеке өмірі мен отбасына араласпаған көрінеді.

«Осы ретте менің серіктестерімен алғыс айтқым келеді, олар келісімшартты ұзартып, Наимамен бірге жұмыс істеуді одан ары жалғастырды. Ешкім босана салып, жұмысқа шығып кетуді армандамайды. Бірақ бұл Наима үшін көңіл аулау құралы ғана емес, өзін-өзі асырау құралына айналды. Каспийге 20 мың теңге, одан асса 50 мың теңге аудару деген не сән?

Ауыз менікі екен деп, не болса соны айтудың керегі жоқ. Айтылған сөз — атылған оқпен тең, әр сөзді абайлап айту керек. Айтайын десем, әңгіме көп, сондықтан абайлап жүріңіздер», — деп кесіп айтты дизайнер.

Social Link

Follow Me On Social Media