Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасын шегендеді, деп хабарлайды 24KZ. Екі ел басшылары тиісті келісімді ресми түрде бекітті. Іс-шара Тәжікстанда өтті. Тараптардың мәлімдеуінше, тарихи құжатта қос тараптың мүддесі толық ескерілген. Келісімде шекара сызығы, инфрақұрылымдарды пайдалану, бейбітшілікті нығайтуға бағытталған тетіктер сияқты мәселелер де қамтылған. «Енді екі ел арасында жер дауы туындамауы тиіс», – дейді сарапшылар .
Бүгін Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшыларының қатысуымен саммит өтуі керек. Басқосуда тараптар шекара жөніндегі келісімге қол қойып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтуді талқылауы мүмкін.