What are you looking for?

Жабыққан жұрт еңсе тіктеді

01.04.2025

2003 жылғы зілзала құландықтардың жадынан өшпесе керек. 28 наурыз күні түн жарымында болған жер сілкінісі Меркі, Тұрар Рысқұлов, Қордай, Мойынқұм аудандары мен Тараз , Шу қаласы аумағына дейін жетсе де, меркіліктер мен құландықтар кәдімгідей даурығып кетті. Себебі жер дүмпуінің жоғары қарқыны аталған екі ауданда тіркеліп, халықты қатты әбігерге түсірді.

Өңірдегі жер сілкінісі билік назарынан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тө­тен­ше жағдайлар министрі Шың­ғыс Әріновтің баяндамасын тыңдап, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жедел іске кірісуді тапсырды.

Қазіргі кезде өңірдегі ахуал­ды Премьер-министр жеке ба­қылауына алған. Үкімет басшы­сының тапсырмасына сәйкес өңірде болған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы билік өкілдері жағдайды зерделеу, жедел шаралар қабылдау жұ­мысын үй­лестіріп жатыр. Тө­тенше жағ­дай­лар вице-министрі бастаған үкі­меттік жұмыс тобы өңірге келіп, жағдаймен танысты.

28 наурыз күні болған жер дүмпуі сол күні түс әлетінде бір қай­­таланды демесек, одан кейін қауіп төнетіндей жағдай туын­даған жоқ. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бастаған жер­гілікті билік өкілдері таң бозынан Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарына ат басын бұрып, бүлін­ген әлеуметтік нысандар мен тұр­ғын үйлерді аралап шықты. Кейіннен Төтен­ше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұр­сынбаев бас­таған үкіметтік комиссия мүше­­лері де Тұрар Рысқұлов ау­дан­ында болып, зардап шеккен тұр­ғын үйлер мен әлеу­меттік ны­сан­дарға арнайы ат басын бұрды.

ва

Комиссия мүшелері мен облыс басшысы Ербол Қарашөкеев алдымен Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы Жаңатұрмыс ауылына барды. Елді мекендегі бірнеше үйдің қабырғасында жарықшақ пайда болғанын көрген өңір басшысы баспанасы бүлінген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ресми дерекке сенсек, ауыл­дағы білім ошағының қа­быр­ғасында жарықтар пайда бол­ғаны анық­талған. Е.Қара­шөкеев білім алу­шыларға қо­лайсыздық тумауы үшін жауап­тыларға қалпына келтіру жұ­мысын жедел жүргізу керектігін шегелеп тапсырды.

Қазір Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес келтірілген шығынды баға­лау, бүлінген мүлікті қалпына кел­­тіруге қатысты нақты жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Құрамында облыс әкім­ді­гінің, сейсмологиялық бақылау және зерт­теу­­лер ұлттық ғылыми орталығының, тиісті ве­домстволардың өкілдері бар жұ­­мыс тобы жағдайды толықтай бақы­лау­­ға алған.

Комиссия мүшелері Меркі, Тұрар Рысқұлов ауданына қа­рас­ты бірнеше елді мекендегі ғи­ма­раттар мен тұрғын үйлерді ара­лап, техникалық тексеру жұ­мысын жүргізді. Ресми дерекке сен­сек, екі ауданда жалпы саны 17 әлеуметтік нысан бүлінген. Оның 11-і – білім беру, екеуі ден­сау­лық сақтау, екеуі әлеуметтік қор­ғау, біреуі спорт, тағы біреуі мә­дениет саласына қа­расты ме­кемелер. Ауылдық округ әкім­деріне қазіргі уақытқа дейін бас­пананың бүлінгені туралы 104 арыз-шағым түскен. Комиссия мүшелері тұрғын үйлерді тексеру жұ­­мысын жалғастырып жатыр. Шығын көлемі алдағы күндері анық­талады.

Таң шапағы көрінгенше мазасы қашқан жұрт жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жұ­дырықтай жұмылғанын, бар­­лық қауіпсіздік шарала­рын қабылдағанын, халық­пен тікелей байланыс орнат­қа­­­нын көрген соң еңсе тіктеді.

«Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайды жеке бақылауына алды. Президент әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүр­гізуге қажетті көмек көрсетуді жүктеді. Үкімет басшысының тапсырмасымен үкіметтік жұмыс тобы да жедел іске кірісті. Өңір тұр­ғындарының қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойын­ша тиісті жұмыс атқарылды. Ха­лықтың қа­уіп­сіздігі ілкі сәтке де на­зар­дан тыс қал­майды», дейді өңір бас­шысы Е. Қара­шөкеев.

Қалай десек те жер дүмпуі Мер­кі, Тұрар Рысқұлов ауданы тұр­ғындарының құтын қашыр­ғаны анық. Абырой бол­ғанда, жер­гілікті атқарушы билік өкіл­дері дер кезінде жұ­дырықтай жұ­мылып, бар­лық қауіпсіздік шарасын қабыл­дады. Жер сілкінісі салдарынан келтірілген шығын толық есептеліп жатыр. Алдағы уа­қытта әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бүлінген қа­­бырғаларын қалпына келтіру жұ­­мысын жедел аяқтау міндеті тұр.

Жамбыл облысы

Social Link

Follow Me On Social Media