What are you looking for?

Жеке деректер тарап кетуіне жол бергендерге жазаны күшейту керек - Бектенов

01.04.2025

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов дербес деректер тарап кетуіне жол бергені үшін жазаны күшейту қажет екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дербес деректермен жұмыс істейтін мамандардың жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі қажет. Осы саладағы заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейту керек", — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мониторинг болмауы деректер тарап кету қаупін арттырып, интернет алаяқтық көбеюіне алып келетініне назар аударды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media