Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open-2025 турнирінің финалына жолдама үшін жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол 2022 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Бунджонг Синсиримен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы жеңісті ортақ шешіммен тай боксшысына берді.
Осылайша, Бекбауов турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Дулат Бекбауов — 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионатының финалисі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!